Шымкент ақпараттық порталы
 
Шымкентте полиция қызметкері күдіктіні өзен кешіп жүріп ұстады

Шымкент қаласында полиция қызметкерлері бөтеннің мүлкін ұрлаған күдіктілерді ізін суытпай қолға түсірді. Түн ішінде Әл Фараби полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы тәуліктік кезекшілікте қызмет атқару барысында Қабанбай батыр көшесінің бойынан адамдардан қашып бара жатқан тұлғаны байқайды.

Жас жігіттің бұл әрекеті сезік тудырған соң полицейлер оның соңынан қуады. Осы сәтте қашқан жігіт Қошқар ата өзенінің көпірінен өтіп, жеке үйлердің арасына кіріп кетеді.

Уақытты үнемдеу үшін Әл-Фараби полиция бөлімінің жедел уәкілі Жасұлан Қуатов ауа райының суығына қарамастан өзенге қойып кетеді. Суды кешіп өтіп, күдіктінің соңынан жүгіреді. Соның нәтижесінде қашқан адамның бос ғимаратқа терезе арқылы кіріп кеткенін байқайды.

Қызметтік міндетіне адалдықпен қараған Жасұлан да табельдік тапаншасын қолына ұстаған күйі ғимаратқа жақындап келіп, күдіктіге өз еркімен берілуді талап етеді. Ешқайда қаша алмайтынын түсінген жігіт сыртқа шығып, полицейлерге өз еркімен берілді.

Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ұсталған жігіт Шымкент қаласының 18 жасар тұрғыны болып шықты. Тергеушілер оның автокөліктен бағалы заттар ұрлап келгенін анықтады.

Қазір күдіктіден ұрланған заттардың бір бөлігін тәркіленіп алынды. Бұдан кейін жас жігіттің 19-дағы сыбайласы да анықталып, қолына кісен салынды.

Тергеу барысында ұсталғандардың 5 автокөлікке ұрлыққа түскені анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі жарты миллион теңгеден асып отыр.

Қазір күдіктілер қамауға алынды. Аталған жайт бойынша қылмысты кодекстің екі бабымен (188-бап — ұрлық және 191-бап — тонау) қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ал Әл Фараби полиция бөлімінің басшылығы облыстық ішкі істер департаменті бастығының атына күдіктіні ұстаудағы кәсіби шеберлігі мен адал қызметтері үшін аға лейтенант Жасұлан Қуатовты және осы полиция бөлімінің жедел-тергеу тобын марапаттауға ұсыныс жасады.

otyrar.kz
Республикалық жаңалықтар
Нұрлы жол - Путь в будущее Новая индустриализация Қазақ хандығына 550 жыл Болашаққа 100 қадам Мәңгілік Ел
Мемлекеттік рәміздер
Қала туралы
Негізгі ақпарат Шымкент — Қазақстандағы қала, Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы... Қала тарихы Осы уақытқа дейін ғалымдардың көпшілігі қазіргі Шымкент қаласының... Статистикалық деректер Халық - 865 575 адам
Орташа айлық. Жалақы 81.166 теңге.
ЖӨӨ (2014) - 2.362.400.000 теңге.
ЖӨӨ (2014) - 102,6%
Бағаларының индексі (2014) - 106,8%
Жұмыссыздық (2014) - 6,3%
Фотогаллерея Қала картасы
Яндекс.Метрика